Конституциялық құрылыс – мемлекеттің конституциясымен және басқа да конституциялық құқықтық актілерімен белгіленген және қорғалатын әлеуметтік, экономикалық және саяси-құқықтық қатынастар жүйесі. Мемлекеттің конституциялық құрылысы бекітілетін негізгі құқықтық қайнар оның конституциясы болып табылады.